ru / en

Альянс банкі тұңғиыққа кетті. Қазан айында таза шығын бірден 2,5 есеге өсіп, 2,5 миллиард теңгені құрады

06 Декабрь 2013
Қазан айында банктердің жалпы активтерінің рентабелділік коэфиценті 0,16 тармаққа өсіп, 1,42% болды. ЕДБ-нің миллион теңге активіне алғандағы орташа табыс 14,2 мың теңгені құрады. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 12,2 мың теңге болатын.    

 

 

Алынған табыс көлемі бойынша ҚР ЕДБ рэнкингі. Қаңтар-қазан 2013

06 Декабрь 2013
Қазан айында банк секторында 25,8 миллиард теңге табыс тіркелді. Оң көрсеткіштегі банктер саны 34. Он айдың қорытындысы бойынша табыс - 216 миллиард теңге. Абсолюттік өсім бойынша бірінші орында Халық банкі. Бір айдағы табыс өсімі 7 миллиард теңге, жалпы көлемі 57,7 миллиард теңге. 

Активтердің рентабельділігі бойынша ең жоғарғы көрсеткіш - Хоум Кредит банкінде. ROA - 9%-ға жуық (миллион теңге активке 90 мың теңге табыс). 

10 айдың қорытындысы бойынша шығынға кеткен банктер үшеу. Темірбанкте - 1,4 миллиард теңге, АТФте - 1,8 миллиард теңге шығын тіркелді. Дегенмен аталмыш екі банкте қазан айында шығын көлемін, сәйкесінше, 664 және 589 миллион теңгеге азайтқан. 

Альянс банк орныққан орнынан тым артқа сырғыды. Қазан айында қаржы институты 1,5 миллиард теңге көлеміндегі шығынды тіркеді. 10 айдың қорытындысы бойынша, ҚР ЕДБ арасындағы ең үлкен шығын Альянста - 2,5 миллиард теңге көлемінде. Әйтседе, бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Альянс табыс бойынша оң көрсеткіште болатын.  

06,12КАЗ,.gif

Фильтр

  • Банки
  • Регионы
  • Отрасли

Фильтр имеет двухуровневую систему. Чтобы выбрать один объект, необходимо нажать на ссылку, чтобы отобразить взаимосвязи объекта с другими показателями, необходимо поставить галочку напротив интересующих показателей и нажать кнопку "выбрать"

Вернуться к списку статей