ru / en

Банк нарығы оңтайландырылуда. Операциялық табыстар бір жыл ішінде 34%-ға өссе (653 миллиард теңгеге дейін), операциялық шығындар бар болғаны 31%-ға өсті (280 миллиард теңгеге дейін)

20 Декабрь 2013
Қазақстанның ең ірі 10 банктерінің операциялық тиімділігі бойынша рэнкингі.

 

 

Қазақстанның ең ірі 10 банктерінің операциялық тиімділігі бойынша рэнкингі

20 Декабрь 2013

Активтер көлемі бойынша ең ірі 10 банктердің арасында, бизнес-процесстерді оңтайландыру дәрежесі бойынша ең жоғарғы көрсеткіш - Казкоммерцбанкінде. Операциялық шығындардың операциялық табыстарға қатысты провизияны есептемегендегі үлесі (Cost to Income Ratio, CIR) 20,7%-ды құрайды. Банк, бір жыл ішінде операциялық табыстар көлемін 4 миллиард теңгеге өсірсе, операциялық шығындарды 964 миллион теңгеге қысқартқан. Казком шығындарды оңтайландыру стратегиясын сәтті жүзеге асыруда. Банк, аталмыш жетістікке жаңа технологияларды енгізу және қашықтағы жұмыс мүмкіндігі инфрақұрылымын дамыту арқылы қол жеткізуде.

ЕДБ операциялық тиімділігінің агрегаттық индексі - Cost to Income Ratio көрсеткіші (операциялық  шығындардың операциялық табыстарға қатысы) – үшінші тоқсанда 42,79%-дық көрсеткіш берді. Бір жыл бұрын (2012ж. үшінші тоқсаны) - 43,81% болған.

Kaspi bank - бизнестің операциялық тиімділігінің агрегаттық индексі бойынша, 25,4%-дық көрсеткішпен екінші орында. Белсенді өсім стратегиясы өз-өзін ақтады. Банк, бөлшек бағытты көлемді инвестициялау арқылы, операциялық табыстарын ұлғайтуда. Бір жыл ішіндегі өсім - 83% (95 миллиард теңгеге дейін). Ал, операциялық шығындар тек 56%-ға өскен (24 миллиард теңгеге дейін).

Үшінші тұрған Сбербанк. Операциялық шығындардың операциялық табыстарға қатысты үлесі - 39,2%.

20,12,13.КАЗgif.gif

Дағдарыстан кейінгі кезеңде банктер табыстың күрт төмендеу проблемасымен бетпе-бет келді таза пайыздық маржаның, пайыздық спрэдтің, капиталдың рентабельділік көрсеткіші (ROE), активтер табыстылығы (ROA) және операциялық тиімділіктің төмендеуі (cost to income). Банктер, осы себептен, операциялық шығындарды оңтайландыра бастады: жұмыскерлер саның және еңбекақы қорын қысқарту, әкімшілік және жалпышаруашылық шығындарды азайту, тіпті бөлімдерді жабу және профильді емес активтерден құтылу шаралары орын алды.

Жалпы банк секторы бойынша, 01.10.11ж.-01.10.13ж аралығында, операциялық тиімділік көрсеткіші 43,53%-дан 42,79%-ға түсті. Бұл жағдай, нарықтағы оң трендті айшықтайды. Бұл көрсеткіштің төмендеуі операциялық табыстардың оң динамикасымен байланысты (ranking.kz тәсілі бойынша мұнда таза пайыздық табыс пен комиссиялық табыс қосылып есептелген), яғни, аталған уақыт аралығында 60,62%-ға өсіп, 406,91 млрд.тан 653,56 млрд. теңгеге жеткен. 

  

Фильтр

  • Банки
  • Регионы
  • Отрасли

Фильтр имеет двухуровневую систему. Чтобы выбрать один объект, необходимо нажать на ссылку, чтобы отобразить взаимосвязи объекта с другими показателями, необходимо поставить галочку напротив интересующих показателей и нажать кнопку "выбрать"

Вернуться к списку статей